• RUB:
    4.82
  • USD:
    443.35
  • EUR:
    475.54
Басты сайтқа өту
Қазақстан 15 Желтоқсан, 2017

Мемлекеттік наградалармен наградтау туралы Жарлық

388 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасы Президентінің ЖАРЛЫҒЫ 

Қазақстан Республикасының мемлекеттік  наградаларымен наградтау туралы қаулы етемін:

1. Қазақстан Республикасын экономикалық, әлеуметтік-гуманитарлық дамытудағы аса үздік жетістіктері үшін: жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілсін: Есімов Ахметжан Смағұлұлы – «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» АҚ Басқарма төрағасы Қуатов Руслан Тұржанұлы – «Тенгизшевройл» ЖШС менеджері, Атырау облысы Үшкемпіров Жақсылық – «Жақсылық» ШҚ басшысы, Алматы облысының Жамбыл ауданы 2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Президенті  Н.НАЗАРБАЕВ 

Астана, Ақорда 2017 жылғы 5 желтоқсан № 594